ГҮЛ ПІШІНІНДЕГІ БӘЛІШ

Your Yuva helper for this recipe:

Recipes popup image
Yuva жылдам құрғақ ашытқы 11г

6 кісіге арналған
Қамыр:
1 стақан жылы сүт (200 гр)
1 стақан өсімдік майы (170 гр)
1 бөтелке минералды су (200 мл)
2 ас қасық қант (40 гр)
1 шәй қасық тұз (10 гр)
6 стақан ұн (660 гр)
1 пакет 11 гр «Yuva Instant» жылдам әсер ететін құрғақ ашытқы
Басқа заттар:
Маргарин (75 гр) (қамырды майлау үшін)
Шәрбатына:
Жұмыртқаның сарысы
Күнжіт
Көкнәр тұқымы (ұнтағы)
*Пайдаланатын заттардың бөлме температурасында болуы жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

ДАЙЫНДАЛУЫ
Барлық өнімдерді үлкен ыдысқа салып, біркелкі жұмсақ қамыр илеңіз. 
Қамырды 8 мандариннің өлшеміндей қылып және 8 кіші бөлікке бөліңіз. 
Үлкен домалақ қамырды ұн себілген жерде десерттік тәрелкенің өлшеміндей етіп жайыңыз.
Шикі шелпектердің араларына жұмсартылған маргарин жағып үсті үстіне қойыңыз (соңғы қабатқа маргарин жағылмайды).
Дәмхана тарелкаларының үлкендігіндей қылып жайып, оқтаумен подносқа қойыңыз. 
Қамырдың шеттерін кеспес бұрын,алдымен (+), содан кейін (x) пішінінде қиып 8 үшбұрыш жасаңыз.
Үшбұрыштың шетінен ұстап, ортасында бос жер қалатындай етіп кері қарай ораңыз.
Кішкентай домалақ қамырларды да тура солай етіп дайындаңыз.
Тура солай етіп кесіңіз.
Қалған қамырды мандариннің үлкендігіндей бір домалақ жасап қамырдың ортасындағы бос жерге орналастырыңыз, осылайша пішін беру ісін аяқтаңыз.
Қалған қамырды тура солай дайындап жылы жерде 45-50 минут қамыр көтерілгенге дейін тындырыңыз.
Бетіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз.
Қаласаңыз күнжіт, көкнәр тұқымын себіңіз.
Алдын-ала қыздырылған 170-180°C пеште  25-30 минут пісіріңіз.
 

Наабай ачыткысы