ДОНАТ

Your Yuva helper for this recipe:

Recipes popup image
Yuva белсенді құрғақ ашытқы 100г

4 КІСІЛІК
Қамыр:
1 ас қасыҚ «Yuva Aktif» белсенді  құрғақ ашытқысы (10гр)
4.5 стақан ұн (500 гр)
2.5 шыныяқ сүт (250 гр)
1 шөкім тұз
1/2 кесе қант ұнтағы (50 гр )
2 жұмыртқаның сарысы
1 пакет ваниль
4 ас қасық маргарин (80 гр )
Қуыруға арналған өсімдік майы 
Шәрбатқа:
Ұсақталған жаңғақ
Кокос жоңқасы
Ұнтақталған бадам
Шоколад тұздығы:
1/2 стақан шоколад (90 гр)
1 ас қасық сүт (10 гр)
*Пайдаланатын заттардың бөлме температурасында болуы жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

ДАЙЫНДАЛУЫ
«Yuva Aktif» белсенді құрғақ ашытқыны жылы сүтпен езіңіз.
Ерітілген ашытқыға ұн, тұз, ұнтақ қант, жұмыртқалардың сарысын, бөлме температурасындағы жұмсақ маргарин, ваниль және ванилинді қосып, қамырды созылғыш қалыпқа дейін илеңіз.
Қамырдың бетін дымқыл сүлгімен жауып 2 есеге көтерілгенле дейін тындырыңыз.
Оқтаумен қалыңдығы 1 см. болатындай етіп жайып, пышақ немесе стаканмен шеңбер болатындай етіп кесіңіз.
Қызған майда екі жағын қуырып, пештің табағына тізіңіз.
Шоколадты бір ыдыста ерітіп, сүтпен араластырыңыз.
Қуырылған қамырдың бір жағын ерітілген ыстық шоколадқа батырыңыз.
Бәліштің сол батырылған жағының үстіне ұсақталған жаңғақ, бадам немесе кокос жоңқасын себіңіз.

Наабай ачыткысы