ЖҰМСАҚ НАН

Your Yuva helper for this recipe:

Recipes popup image
Yuva жылдам құрғақ ашытқы 11г

8 кісіге арналған
ИНГРЕДИЕНТТЕРІ
Қамыр:
1 пакет «Yuva Aktif» тез әсер ететін құрғақ ашытқы (11 гр )
5 стақан ұн (550 гр)
3 стақан су (510 гр)
2 тал картоп
Қант шырыны:
3 стақан қант (525 гр)
3 стақан су (510 гр)
Басқа заттар:
Күнбағыс майы (қуыру үшін)
*Пайдаланылатын заттардың бөлме температурасында болуы жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

ДАЙЫНДАЛУЫ
Картоптарды аршып, үккіштен өткізіңіз.
Су қосып піскенге дейін қайнатыңыз.
Ашытқыны, салқындаған картоппен ұнға қосып илеңіз.
Жұмсақ қамыр болатындай етіп илеңіз.
Жылы жерде қамыр ашып, көтерілгенге дейін тындырыңыз (кем дегенде жарты сағат).
Шәрбәт үшін қант пен суды қайнатыңыз. Содан кейін суытыңыз.
Қуыруға арналған ыдыстың жартысына дейін май құйып, үлкендігі жаңғақтай қамыр жасап, қыздырылған майда қуырыңыз.
Қуырылған қамырды салқын шырынның ішіне салып, кішкене күткеннен кейін сүзіп дастарғанда қойыңыз.

Наабай ачыткысы