БӘЛІШ

Your Yuva helper for this recipe:

Recipes popup image
Yuva белсенді құрғақ ашытқы 100г

6 КІСІЛІК
ИНГРЕДИЕНТТЕРІ
Қамыр:
1 ас қасық «Yuva Aktif» құрғақ ашытқы (10гр)
4.5 стақан ұн (500 гр)
2.5 шыныаяқ сүт (287 гр)
1 шәй қасық тұз (10 гр)
2 ас қасық қант (40 гр)
1 жұмыртқа
4 ас қасық сарымай (80 гр)
Ішіне салу үшін қажетті заттар:
1 стақан ірімшік (250 гр)
Жарты байлам ақжелкен
Шәрбатқа қажетті заттар:
1 жұмыртқа (барлығы) және 1 жұмыртқаның сарысы (бірге көпіршіктелген)
*Пайдаланатын заттардың бөлме температурасында болуы жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

ДАЙЫНДАЛУЫ
«Yuva Aktif» белсенді құрғақ ашытқыны жылы сүтпен езіңіз.
Ұн, ашытқы, қант, тұз жән жұмыртқаны араластырып, илеңіз.
Сарымайды бөлшектерге бөліп қамырға қосыңыз.
Беті жылтырап, жабыспайтын, тегіс қамыр болғанға дейін илеңіз.
Бетін дымқыл сүлгімен жауып 20 минут тындырыңыз.
Қамырды әрқайсысы 70 грамм болатындай етіп бөлшектерге бөліңіз.
Домалақтаңыз және оқтаумен жайыңыз.
Ірімшік және туралған ақжелкенді арастырыңыз.
Ірімшік пен ақжелкенді қамырдың ортасына салыңыз, пішіні жарты айдай болатындай етіп, шетінен басып жабыстырыңыз.
Содан кейін бәлішті бөлме температурасында 40 минут тындырыңыз.
Бәліштердің үстіне көпіршіктелген жұмыртқаны жағып, 200°C пеште 20 минут пісіріңіз.

Наабай ачыткысы