ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН ГҮЛ ПІШІНІНДЕГІ БӘЛІШ

Your Yuva helper for this recipe:

Recipes popup image
Yuva жылдам құрғақ ашытқы 11г

6 кісіге арналған
Қамыр:
2 стақан ұн (220 гр)
1 ас қасық кұмшекер (20 гр)
Маргарин (125 гр) (ерітілмеген)
1 пакет 11 гр «Yuva Instant» тез әсер ететін құрғақ ашытқы 
1 жұмыртқа
1 шыныаяқ сүт (су) (115 гр)
1 үккіштен өткізілген лимонның қабығы
1 шөкім тұз
Кілегей:
1 стақан сүт (200 гр)
1 шыныаяқ кұмшекер (100 гр)
1/2 шыныаяқ ұн (32 гр)
1 жұмыртқа
Ішіне салынатын заттар:
Мейіз
Кептірілген сары өрік (ұсақтап туралған)
Ұсақ шоколад
Шәрбатына:
1 жұмыртқаның сарысы
*Пайдаланатын заттардың бөлме температурасында болуы жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді.

ДАЙЫНДАЛУЫ
Ішіне салу үшін қажетті заттарды қою болатындай етіп қайнатыңыз.
Суытыңыз.
Үлкен ыдысқа қамыр жасайтын заттардың барлығын салып біркелкі және жұмсақ қамыр болғанға дейін илеңіз.
Бетін дымқыл сүлгімен жауып 15 минут тындырыңыз.
Қамырды сопақша етіп жайып, бетіне кілегейді жағыңыз.
Мейіз, сары өрік (ұсақтап туралған) және ұсақ шоколад сеуіп, ұзындау жағынан ұстап орама жасаңыз, ұзындығы 3 см болатындай етіп кесіп, пештің табасына тігінен тізіңіз.
Қамырдың көтерілуі үшін 50-60 минут тындырыңыз.
Бетіне жұмыртқаның сарысын жағып алдын-ала қыздырылған 190- 200oC пеште 15-20 минут пісіріңіз.,

Наабай ачыткысы